Университеттің «Жауқазын» жастар театры жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармасы негізінде көрерменге «Махаббат мұнарасы» қойылымын ұсынды.

Пьеса желісі әмірші Ақсақ Темір мен оның әйелі арасындағы оқиға төңірегінде өрбиді. Махаббат мұнарасын тұрғызып, алып ғимарат салдырған кіші ханымның әрекеті әлемді аузына қаратқан әміршінің жүзін төмен қаратты.
Қойылым барысында сан алуан өнер бір сахнада тоғысты. Жастар заманауи музыка мен биді керемет ұштастырып, көрерменге ерекше әсер қалдырды. 

Белгілі қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың бұл романын таңдап алуымыз бекер емес. Адамзат баласы үшін рухани құндылықтың құлдырамауы, сенім мен махаббаттың болуы аса маңызды. Қойылымға күн-түн демей дайындалып, қолдау білдірген барша студенттерге алғыс айтамын, – деді «Жауқазын» жастар театрының жетекшісі, 3-курс студенті Ақниет Мәулен.  

405363931_875323664337167_2393411734936546955_n.jpg

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!