Құрметті оқырман, «Ақмешіт жастары» газеті айтары да, айбары да бар басылым. Өзінің он жылдық тарихында талай түлекті түлетіп, жас журналистердің шабытын шыңдаған ұстахана.

Ұлт үмітін арқалаған жігерлі жастар – ел ертеңі екені айқын. Үміт пен сенімді ақтау олардың басты парызы. Сол себептен де қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы, салалардың жандануы үшін жауапты.

Қазақтың тарихы мен мәдение­т­і­­­­­нің тағдыры, дамуы мен модер­низациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Қай заманда, қай елде болсын, асқақ арман, үкілі үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған да осы – жастар. Осындай рухты екпін енді басылым бетінен анық аңғарылады.

Ашып айтар болсақ, жаңа маусымда газеттің дизайні жаңа кейіпке еніп отыр. Оған қоса, жанрлардың әр алуандығы, мазмұнды мақалалар, сырлы сұхбаттар, сүбелі сараптамалар, қызықты деректер, айшықты айдарлар ойлы оқырманға жиі ұсынылады. Сіздерден келген хаттар да тасада қалмай, байланыс беки түспек.

Айдар САЙЛАУОВ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!