15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай жастар орталығы жанынан «Жас отау» отбасылар клубының ашылу рәсімі (барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып) өтті. Шара қонағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Райкүл Мансұрқызы және облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова ашылу салтанатының тұсауын кесті.

Мақсат – отбасы құндылықтарын дәріптеу, іргетасы берік жарасымды отбасын қалыптастыру, алдағы өмірге даярлау, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ене мен келін арасындағы тату-тәтті қарым-қатынастың сырларымен бөлісуге шақыру.

Шара аясында отбасын құрғалы отырған жас жұбайлардың некесі қиылып, АХАЖ қызметкері Туғанбаева Раушан Сарсенбаевна неке куәлігін табыстады. Орталық директоры Азамат Мукеевтің құттықтауы мен сый-сияпаты берілді.