Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалының жаңа төр­ағасы тағайындалды. Жиынға Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, облыстық білім басқармасы мен қоғамдық даму басқармасының бірқатар өкілі қатысты.
Жуырда «Айбын – 2023» IX Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынынан 20 команданың арасынан топ жарып, үздік атанған бірлестіктің жұмысы қазіргі таңда жүйелі жолға қойылған. «Жас Сарбаз» – патриот жастардың басын біріктіріп, облыс көлемінде тиімділігі дәлелденген бірден-бір жастар қозғалысы. Бүгінгі күнге дейін бірлестікті «Жастар орталығының» аға кеңесшісі Әкімжан Төленбай басқарып, әскери саланы жастар арасында кеңінен насихаттауға мол үлес қосты.
«Жас сарбаздың» жаңа жетекшісі болып запастағы офицер Жаңабай Жасұлан тағайындалды. Ол 2017-2021 жж. аралығында Павлодар педогогика университетінде құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша білім алған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!