Жаңақорған ауданы әкімдігі қолдауымен Жаңақорған ауданының Жастар ресурстық орталығы және «Қызылорда облыстық Жастар одақтары» ҚБ ұйымдастыруымен
Жаңақорған кент орталығында кәсіпке құлшынысы бар жастардың арасында үздікті анықтау үшін «The Best» бизнес жобалар байқауы өтті.

Байқауда Жаңақорған кенті, Қожамберді, Төменарық, Кейден, Жайылма, Сунақ ата, Келінтөбе, Ақүйік, Өзгент ауылдық округтерінен келген 12 жас кәсіпкерлер өзара бақ сынасты. Сайыста бақ сынасқан жастар өзінің бизнес идеяларын ортаға ұсынып, болашақта үлкен кәсіпке жол бастайтын бағыттарын жеткізіп түсіндірді. Қатысқан жобалар келесідей салаларды қамтыды:

  • IT саласы (Онлайн платформа СРА, Clean City);
  • ауыл шаруашылығы (жылқы, балапан шаруашылығы);
  • жеңіл өнеркәсіп (тігін, жүн тұту, қолғап тігу);
  • құрылыс (құрылыс жабдықтары);
  • білім (аналар мен балаларды дамыту орталығы)
  • қызмет көрсету (химиялық тазалау)
    Әр саланы қамтыған жобалардың арасынан байқаудың қорытындысы бойынша:
    1-орын (50 000 тг) — Әлібек Асылбек
    Clean City – бот арқылы қала тазалығын жеңілдету
    2-орын (30 000 тг) — Тасболат Ақжарқын
    «Нұрлы шуақ» аналар және балалар дамыту орталығы
    3-орын (20 000 тг) — Қалжігітова Айдана
    «Саулықтың сыры» жобасы.

Жастарға бизнесті тек кітаптағы жазбадан ғана білетін теоретик маман емес, осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңған тәжірибелі мамандардың ақыл-кеңесі мен нұсқаулары керек. Өйткені, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерген жан оларды алда кездесетін қиындықтардан сақтандырып және қай саланың тиімді екенін дөп басып айта алады. Осы ретте сайысқа төрелік етіп, өздерінің еңбек тәжірибесіндегі ақыл-кеңестерін берген «БиАли» спорт компаниясының директоры Асхат Шаукенбаевқа, Аслан балалар киностудиясының директоры Жасұлан Алдабергеновке алғыс білдіреміз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!