Дәрігерлер 90 минут операция жасады.

Алматыда хирургтар ұл баланың асқазанынан 900 грамм шаш пен жүн алды. 10 жасар науқас балалар ауруанасына іш ауыруы, құсу, ауырсыну және әлсіздік шағымдарымен жеткізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анасының айтуынша, баланың шаш, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнап, жұтып қоятын жаман әдеті болған. Ол кілемнің түгін де суырып алып шайнайды екен.

«Дәрігерлер 90 минут операция жасады. Асқазаннан үлкен трихобезоар алынды. Баланың асқазанында шырыш пен тағам араласқан 900 грамм шаш пен жүннен диаметрі 20-да 15 см болатын орам пайда болған», дейді Алматы қаласының №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!