Ақтау мәслихатының жаңадан сайланған депутаты Гүлмира Әбішева үш баласын өлтірген ер адам туралы жаңа ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada басылымына сілтеме жасап.

Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Гүлмира Әбішеваның айтуынша, бейресми дереккөздерден оған кейбір ақпарат келіпті.

«Ол әйелімен ажырасқан, бөлек тұрады. Балаларды демалыс кезінде алып кеткен. Ақырында осылай аяқталған. Әлеуметтік желілерде оның дәстүрлі емес діни ағымнан шыққаны жазылды. Исламда мұндай жағдайды айтпағанда, тіпті құмырсқаға да зиян тигізуге болмайды. Ажырасқан ата-аналардың балалары, діннің деструктивті ағымдарын ұстанатындар бақылауда болуы керек. Сауалнамалар жүргізілуі керек. Сол себепті жергілікті органдар баланың отбасындағы тұрақсыз жағдай және ықтимал қауіп туралы хабардар болады», – деді Гүлмира Әбішева.

Еске салсақ, Ақтауда полиция кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстағанын хабарлаған болатынбыз. Ауылдастары айыптыны салафилік бағытта болғанын алға тартты. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!