Астанада 41 жастағы әйел гипермаркеттен бірнеше ай бойы сыра ұрлап, алып кетіп жүрген. Осылайша полицейлер оның барлығы 200 данадан астам сыра ұрлағанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы ауданының полицейлерінің мәліметінше әйел бірнеше ай бойы дүкенге келген сайын кассаның жанынан бірнеше бөтелке сыра жасырып алып кетіп жүрген. Осылайша ол 200-ден астам дана ұрлап үлгерген.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 41 жастағы қала тұрғыны кінәсін мойындады.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінен.

Полиция департаменті бөлшек саудагерлерге қырағы болуды және дүкендерде ұрлыққа қарсы бірқатар шараларды қолдануды қатаң түрде ұсынады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!