«Сот кабинеті»: Қазақстандағы электронды сот төрелігінің тиімді құралы
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру халықтың өмір сүру сапасын арттырудың басты бағыттарының біріне айналды. Осы орайда, Қазақстан Республикасының сот жүйесінде іске қосылған «Сот кабинеті»электронды сервисі — сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін камтамасыз ететін бірегей жоба.
«Сот кабинеті» — бұл азаматтарға, заңгерлерге, адвокаттарға және заңды тұлғаларға сот жүйесінің қызметтерін онлайн режимінде алуға мүмкіндік беретін бірңғай электронды терезе.
Сервис арқылы сотқа арыз беруден бастап, істің қаралу барысын бақылау және сот шешімін алуға дейінгі барлық процесті уйден немесе кеңседен шықпай-ақ жүзеге асыруға болады.
Сервистің негізгі мүмкіндіктеріне тоқталсақ:
1. Арыздар мен шағымдарды онлайн беру: Талап арыздарды, апелляциялық, кассациялық шағымдарды, сондай-ақ сот процесіне қатысты түрлі өтінішхаттарды электронды түрде жолдауға.
2. Мемлекеттік бажды төлеуге: Сервис ішінде интеграцияланған төлем жүйесі арқылы сот бажын бірден төлеу мүмкіндігі қарастылырған.
3. Іс бойынша процесті бақылауға: Жіберілген құжаттың мәртебесін, істің қай судьяға түскенін және сот отырысының өтетін күні мен уақытын реалды уақытта көруге.
4. Сот актілерімен танысуға: Сот шешімдерін, қаулылары мен хаттамаларын электронды форматта жүктеп алуға.
5. Ел бойынша барлық соттардағы отырыстардың кестесін қарауға.
Электрондық сервис пайда болуы:
1. Уақыт пен қаражатты үнемдеуіне: Сот ғимаратына барып, кезекте тұрудың немесе құжаттарды пошта арқылы жіберудің қажеттілігі жоқтығы.
2. Ашықтық пен айқындығы: Азаматтар өз ісінің әрбір кезеңін бақылай алады, бұл бюрократия мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге әкеледі.
3. 24/7 қолжетімділігі: Сервис аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат үзіліссіз жұмыс істейді.
Сонымен қатар сот кабинеті әр адамға ынғайланып жасалған,яғни сот саласымен ,ғаламтор жүйесімен жақын емес азаматтарда сот кабинетіне тіркелу арқылы өз мүдделерін заң бойынша қорғауға мүмкіндік алған
«Сот кабинеті» сервисі — заманауи технологиялардың сот жүйесін қалай жеңілдететінінің жарқын үлгісі. Бұл жүйе азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды жеңілдетіп қана қоймай, Қазақстандағы сот төрелігіне деген халықтың сенімін арттыруға үлкен үлес қосып келеді.
Л.Әбдуәли, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының хатшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!