Астанада екі ер адам ақша айырбастау пунктінен шыққан қала тұрғынын аңдып, тонап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

Сарыарқа аудандық ІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік ұрлаумен айналысқан екі азаматты анықтады. Жәбірленуші кешкі уақытта ақша айырбастау пунктіне барып, 9 миллион теңге көлемінде ақша айырбастаған. Шабуылдаушылар оны аңдып, ер адам ақша ауйырбастап жатқанда көлігінің дөңгелегін тесіп кетеді. Жәбірленуші ешнәрседен күдіктенбей, көлікке отырып, кетіп қалған.

100 метрдей жүрген ол дөңгелегінің жарылғанын байқайды. Көліктің иесі есігін жаппай, дөңгелегін ауыстыруға кіріскен. Осы сәтті пайдаланған екі ер адам көлікке жүгіріп барып, ақша салынған әмиянды ұрлап кеткен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 32 жастағы екі ер адам Астана қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар кінәсін мойындады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!