Мобилограф Қыран Талапбек Айжұлдыз Адайбековамен ажырасса да, ұлынан бас тартпайтынын және бұрынғы әйеліне құрметпен қарайтынын мәлім етті, деп жазады Taboo бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

«Ол кісіге тек қана уважение… Бұл менің бұрынғы өмірім. Болды, кетті. Мен бұл тақырыпқа қатты кіргім келмейді. Интервьюде емес, жалпы өмірімде… Бірақ баламның анасына қатысты бейтарап ұстанымдамын. Құрметтеймін. Ол менің ұлымның анасы. Мен онымен жақсы күндерде өмір сүрдім. Адамды жамандап айтпаймын, ешқашан. Оның әке-шешесін, барлығын құрметтеймін.

Мен ажырасамын деп үйленгенім жоқ. Өзімнің өмірімді құртамын деп үйленгенім жоқ. Болған жағдай. Бірақ біз одан қорытынды жасап, әрі қарай жалғастыруымыз керек. Бастысы, бала бар. Баладан ешқашан бас тартқан емеспін, бас тартпаймын да… «, – дейді Қыран Талапбек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова сұхбат беріп, өзі анасының тағдырын қайталағанын айтқан болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!