Қарапайым жаздың шырай күнінде,

Кім ойлады, көрем деп азап түнінде.

Тұтқиылдан келді мына зұлымдар,

Естіледі аяныш, шырылдаған үнінде.

Тозақтың шоғы жерде лаулап жатқанда,

Қантөгіспен бұл таңдары атқанда.

Сол кездегі ананың көз жасы,

Жас емес, көзден сорғалап қан аққанда.

Көзде толы қорқыныш, қара түнек астында,

Аттанып олар үмітпен, шырақсыз қалып асқынба.

Үрейменен оты сөнген ызғарына шыдамай,

Оғымен ен жаны кетті көк аспанға.

Қаншама тілек айтылды іштей мыңдаған,

Батырлар-тұлға, жауды түртіп сынға алған.

Сан түрлі сынақ түрлі болса да,

Қаһарманның таудай рухы сынбаған.

Түрлі ұран тасталды бел ортаға,

Артқа қарай шегінбеді, ұрандатты «тек алға!»

Бейбітшілік үшін аянбады, барын салды солдаттар,

Күресте болмайды тіпті қорқуға.

Темірдей тәртіп, қырандай көз Бауыржанда,

Әлия, Мәншүк ажалы болды зұлым жанға.

Жоспары құнды Қасымның, белгіленген картасы,

Ел үшін жасаған ерлігі ел жадында.

Бітпейді деп ойлады қияметті,

Бірақ бұйырғаны рахым етті.

Жүректе қалған өкініштің жарасы,

Жеңіске жетпей, жас өрендер «ұшып» кетті.

Жыламасын сәбилер, жыламасын асыл аналар,

Кетпейді бірақ, өшпейді жүректегі жаралар.

Бұл сұрапыл не берді мына әлемге?

Не берді, айтыңдаршы ей даналар?

Бейбіт өмір сыйлады байтақ елге,

Араздыққа түспесінші мына өлке.

Қан мен тердің арқасында рухты берген,

Бейбітшілік орнасыншы үнсіз жерге.

Диас МҰСТАХИМОВ,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!