Тік-ток желісінде Ислам дінін қабылдап, ораза ұстайтын корей отбасы хит болды. Үш бала тәрбиелеп отырған Лейла мен Андрей есімді азамат биыл да ауыз бекітіпті деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Андрей кәріс, ал Лейланың айтуынша оның бойында корей, тәжік, өзбек ұлтының қаны бар. Әкесі өзбек, ал анасы кәріс екен.  

«Әкем бөлек тұрғандықтан отбасымызда бәрі корейше болатын. Дегенмен дінімнің ислам екенін кішкентайымнан сезетінмін. Анам оған құрметпен қарап, бала кезімде мешітке ертіп апарып жүрді. Кейін Андрейге тұрмысқа шыққанда ол христианин деп ойлағам, алайда ол ешқандай дінді қабылдамапты», – дейді Лейла.

Отағасы бұған дейін ешқандай дінде болмағанын айтты.

«Мен ешқашан церковьте де, мешітте де болған емеспін. Өткен жылы бір шешім қабылдау керек болды. Кеңесіп, ақыры Ислам дінін таңдадық»,  – дейді ол.

Бұл отбасының балалары да ислам дінін қабылдаған.

«Бүгін біздің өмірімізде айтулы оқиға болды. Біз ислам дінін қабылдадық. Балаларымыз бүгінге дейін ешбір дінде болмаған. Бірақ олар кішкентайынан Алланың ақиқат екенін білетін, бірге құлшылық жасайтынбыз. Өзіміз екі ойлы болған соң балаларды шоқындыру не мұсылман етуге біразға дейін шешім қабылдай алмай жүрдік. Уақыт те келе Ислам дінінің жақын екенін ұқтық»,- деп жазды желідегі парақшасында Лейла.  

Сонымен қатар олар ислам дінін қабылдағаннан кейін өмірімізде оң өзгерістерді байқадық дейді.

«Бұл біздің өміріміздегі ең саналы және тамаша шешім болды. Исламды қабылдаған соң жолымыз ашылды, ісіміз алға басты, қарым-қатынасымыз жақсарды. Осылай болғанынан қуаныштымыз», –  деп жауап берді ерлі -зайыптылар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!