Биыл ‒ ел Тәуелсіздігіне 30 жыл. Жыл­дар бойы жалғасқан азаттық үшін күрес­тің нәтиже­сінде ұланғайыр қазақтың дала­сында бақытты ұрпақ өсіп келеді. Осы орай­да бірлік пен татулықты ту еткен өзге ұлт өкілдерінің де қа­зақ еліне айтар алғысы зор.

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуел­сіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көрді.  Ұлттың бүгіні мен келешегін сарапқа салған ма­қа­лада: «Бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет ‒ ел бірлігі. Ын­тымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Түрлі жағдайларға байланысты қазақ жеріне әр кезеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да ‒ Қазақстан» деп жазылған. Расында халқымыз қай кезеңде де басқа ұлттың өкілін бауырындай қабылдап, құшақ жая қарсы алуға даяр. Сол даладай кең пейіліне орай, елдің шекарасы шегендеулі, тұрмысы тұрақты, халқы бейбіт өмір сүріп келеді. Осындай мамыражай кезеңнің тұтастығын сақтау ‒ бүгінгі буынға парыз. Себебі қашанда ел бірлігі бәрінен құнды болып қала береді.

Гүлмира ПІРІМЖАНОВА,

 ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкері

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!