Елімізде неке сақиналары бірден 36 пайызға қымбаттап кеткен. Қалтасына ауыр тиген бойдақтар үйленудің қиынға соғып баратынын айтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Неке жүзігінің бағасы бұлай шарықтай берсе отбасын құрғысы келетіндердің барлығының қолы жетпеуі мүмкін. Себебі тек бір жылдың ішінде неке сақиналары бірден 36 пайызға қымбаттап кеткен. 

“Бұл рас ақпарат. Басты себептердің бірі әлемдік биржадағы ункцияның өсуі. Унция өскендіктен алтынның бағасы да шамамен 30-40 пайызға қымбаттады. Оның үстіне тасымалдаушылармен доллардың курсы арқылы есептесеміз. Сондықтан нарықтағы доллар құнының өсуі тікелей алтын бағасының өсуіне әкеліп соғады. Мынау сақинаның бағасы 950 мыңға шығады. Бұл жерде брилиант тастар көп. Мұндай жүзіктерге сұраныс жоқ емес”,- деді сатушы Айша Рахымбекова. 

Дүкендерде сапасына қарай алтын неке жүзіктер 50-60 мың теңгеден басталады. 

“Бағасы тиімді емес. Білмеймін, қатты қымбаттап кеткен. Бұларды алу мүмкін емес”,- деді Алматы қаласының тұрғыны Гүлшат Таусарова.

Көпшілік бірден сатып алуға қалталары көтере бермейтіндіктен несиеге бөліп төлеуге алуға мәжбүр екенін айтады.

“2013-те үйлендім. Ол кезде алтын арзан еді. 23-25 мың теңгенің көлемінде болатын. Сол бағамен алғанбыз. Үйленер кезде де қалтаңа қарайсың. Елдер несиеге көлік алып жатқанда, алтын неге ала алмасқа”,- деді тұрғын Рахат Темірғалиев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!