Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ

Тұрғын үйлердің ауласында көлігін бес минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынбақ, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Мамандар қандай жағдайларда көліктерді ұзақ уақыт қыздыруға тыйым салынатынын және жаңа көліктерге қанша уақыт қажет екенін түсіндірді.

Көлікті енді тек белгіленген жерлерде ұзақ қыздыруға болады. Мамандар жол ережесі бойынша көлікті жол жиегінде жылытуға болатынын, тек оның ешкімге кедергі келтірмеуі керектігін ескертіп отыр. Тұрғын үйлердің ауласында 5 минуттан артық тұру айыппұлға әкеп соғады. Жергілікті тұрғындар оталып тұрған көлікке шағымданса, көлік иесі жауапқа тартылуы мүмкін. Олар «Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу» бабы бойынша жазаланып, 5 АЕК, яғни 18 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді.

Ауданда немесе автотұрақта көлікті тұрғындарға қолайсыздық тудыратындай етіп 5 минуттан артық оталдырып, өзі салонда болмаса, бұл – заңбұзушылық. Көлік бригадасы көбіне тұрғындар өтінішімен келген сәтте әдетте жүргізуші болмайды, – деді жол-көлік оқиғасының маманы Михаил Будианский.

Мамандар жаңа көліктерді ұзақ қыздырудың қажеті жоқ екенін айтады. Көптеген автокөлік үшін қозғалтқышты шамамен 30 секунд қыздыру жеткілікті. Көлікті ұзақ қыздыру тек отын шығынын және зиян заттардың шығарындысын арттырады. Майдың температурасы 40 градусқа жетуі керек, содан кейін көлікті басқаруға болады. Рас, бұл кем дегенде 15 минут оталып тұруы қажет дизельді автокөліктерге қатысты емес.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!