Нұрлан имам музыканың ислам дініндегі орны туралы пікір білдірді. Ол “Қайырлы таң” бағдарламасына берген сұхбатында қазақ мәдениеті мен өнерін діннен бөліп қарауға болмайтынын айтты,деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Музыканың жақсы үкімін, пәтуасын ұлы ойшыл данамыз, әлемге аты шыққан бабамыз Абай Құнанбайұлы берген. “Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй, әнді сүйсең, менше сүй” деген сөзі әрбір қазаққа өнердің орнын көрсетеді. Атамыздың жазған өлеңдері — бүгінгі таңға жеткен асыл мұра. Сондықтан осы дін жолында қазақты әннен, мәдениеттен, өнерден бөліп алып қарауға болмайды.
Жалпы әлем халқын діни сенім догманы ортаға қойдым дей отыра, халықты өз төл мәдениетінен, өнерінен бөліп-жаруымыз дұрыс емес. Кезінде Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарымыздың өзі Мәдинаға кіргенде халық барабан ұрып күтіп алған», — дейді Нұрлан имам.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
