2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз учаскесін келесі тәсілдер бойынша таба алады:
1. Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу арқылы онлайн-сервистердің көмегімен;

| www.gov.kz/sailau | sailau.gov.kz | sailau2026.gov.kz |
2. Тұрғылықты жері бойынша тиісті елді мекен әкімдігінің Call-орталығына хабарласу арқылы. Call-орталықтардың нөмірлері әкімдіктердің интернет ресурстарында қолжетімді;
3. Сайлаушыға арналған дербес шақыруда орналастырылған
QR-кодты пайдалану арқылы.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!