Ағымдағы жылдың 17 мамыр күні «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық волонтерлер слеті өтті.

Шараға волонтерлер, волонтерлік ұйым өкілдері, өңір жастары, ҮЕҰ өкілдері, танымал тұлғалар, қоғамдық пікір көшбасшылары және т.б. қонақтар қатысты. Іс-шара барысында аталмыш саладағы танымал тренерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп,  жас волонтерлермен пікір алмасты.

Республикалық Фронт офисінің өкілі, тренер Досымбеков Айбек Аяпбергенұлының тәлімгерлігімен жас волонтерлерге шеберлік сағаты өткізіліп, тәжірбиесімен бөлісті.

Слет бағдарламасы негізінде пленарлы отырыстар,түрлі іс-шаралар және спорттық сайыстар өтті. 120 қатысушы 5 топқа бөлініп, ұлттық спорт сайыстарынан бақ сынасты, Сайыс қорытындысына сәйкес үздіктер марапат төрінен көрінді.

Сонымен қатар «Аймақтағы волонтерларды ынталандыру және адвокация негіздері» пленарлы отырысында Қоғамдық Даму Басқармасы  басқармасының басшысы Алмасбек Әбілқасымұлы аймақ үздіктерін «ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМ»,  «ҮЗДІК КОРПОРАТИВТІК ҰЙЫМ», «ЖОМАРТ ҰЙЫМ», «ҮЗДІК ҚАМҚОРШЫ ҰЙЫМ», «ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛІК БАСТАМА», «ҮЗДІК ВОЛОНТЕР», «ЖАНАШЫР ВОЛОНТЕР», «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВОЛОНТЕРІ», «ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ВОЛОНТЕР» «ЖЫЛЫ ЖҮРЕК ВОЛОНТЕРІ» номинацияларымен марапаттады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мұқтаж жандарға риясыз көмек көрсететін еріктілер – адамзат элитасы. Міне, осындай мәнді мақсатты алға қойған слеттің көздегені де волонтерлердің бір-бірімен емін-еркін пікір алмасып, ел-жұрттың еріктілерге деген ерекше ынта-ықыласын ояту, қызығушылығын арттыру. Қазіргі таңда өңірімізде  ресми түрде 2 мыңнан астам (2 126) волонтер тіркелген. 30-ға жуық волонтерлік топтар бар. 2022 жылмен салыстырғанда биыл волонтерлер саны 500-ге көбейген. адамзатқа ортақ осындай ізгілікті істер толастамасын деп тілейміз.», – деді «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының у.м.а. Г.Айдарбекова.

Шара қонақтары БҰҰ-ның Қызылорда облысы координаторы Қанатбек Айтбайұлы, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы, Түркістан облысының жастар ресурстық орталығы қатысушыларға тілек білдіріп, игі бастамалардың сәтті жүзеге асуына, ел дамуы жолында адал қызмет ете беретініне сенім білдірді.Еріктілерге қолдау білдіру, игі істерін насихаттау жыл көлемінде жалғасатын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!