Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 4 тамызда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында көршілес Ресейдегі бензин тапшылығы Қазақстандағы азық-түлік бағасына әсер ете ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Вице-министр шаруалардың нарықтағы бағадан 10-12% арзан жеңілдетілген дизель отынымен толық қамтамасыз етілгенін атап өтті.
«Жанар-жағармай нарығындағы бағаның құбылуы шаруаларға әсер етпейді. Өйткені оларға бөлінетін дизель отынының бағасы белгіленген. Тәуекел туындауы мүмкін жалғыз өнім – қант. Себебі Ресейден шамамен 200-250 мың тонна қант импорттаймыз. Алайда мұндай жағдайға арналған балама жоспарымыз бар», – деді Азат Сұлтанов.
Оның айтуынша, Қазақстандағы төрт қант зауытының барлығы қант құрағын өңдеуге қауқарлы.
«Қант құрағы бізге Латын Америкасы елдерінен жеткізіледі. Қант нарығында баға құбылған жағдайда, шикізатты импорттап, отандық зауыттарда өңдей аламыз. Кейін дайын өнімді тұтынушыларға қолжетімді бағамен ұсынамыз», – деп қорытындылады Азат Сұлтанов.
2026 жылғы 4 тамызда ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов биылғы егіннің түсіміне қатысты алдын ала болжамды да жариялады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
