Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңартылған мәліметтерді жариялады. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елде 20 590 589 адам тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жыл басынан бері республика халқының саны 90 767 адамға немесе 0,44%-ға артқан.

Қазақстандықтардың басым бөлігі қалаларда тұрады. Қала халқының саны 13,1 миллион адамға жетіп, жалпы халықтың 64,1%-ын құрады. Ал ауылдық жерлерде 7,4 миллион адам немесе халықтың 35,9%-ы тұрады.

2026 жылдың алғашқы алты айында қала тұрғындарының саны 105 475 адамға (+0,81%) көбейсе, ауыл халқы 14 708 адамға (-0,2%) азайған.

Қазақстандағы ең көп адам тұратын өңірлер:

  • Алматы қаласы – 2,3 миллион адам;
  • Түркістан облысы – 2,1 миллион адам;
  • Астана – 1,6 миллион адам;
  • Алматы облысы – 1,6 миллион адам;
  • Шымкент – 1,3 миллион адам.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!