Бүгін Алматының «Қайраты» УЕФА Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Болгарияның «Левски» клубымен сырт алаңда ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу Болгария астанасы София қаласында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

«Қайрат» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» командасын екі матч қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңді. Ал екінші кезеңде Кипрдің «Омония» клубымен негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 6:5 есебімен басым түсті.

Өз кезегінде «Левски» алғашқы іріктеу кезеңінде Босния және Герцеговинаның «Борац» (Баня-Лука) командасын екі матч қорытындысында 5:1 есебімен ұтса, екінші кезеңде Румынияның «Университатя» (Крайова) клубын 3:2 есебімен жарыс жолынан шығарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!