Мексикада ерлі-зайыптылар әуе шарында тірідей өртеніп кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ABC News сайтына сілтеме жасап

Олардың 13 жасар қызын күйік шалды.

Оқиға Теотиуакан туристік археологиялық аймағында болды. Әуе шарында үш отбасы мүшесі болған.

Бір кезде әуе шарының себеті өртеніп кетті. Өртке оранған адамдар себеттен секірген. 50 жастағы ер адам мен 38 жастағы әйел сол жерде мерт болды, ал қыз II және III дәрежелі күйік алды, құлаған кезде қолын сындырды, бірақ тірі қалды. Қыз ауруханаға жеткізілді.

Өрттің себебі әлі анықталған жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!