ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің талдамалық-тапсырмасына сәйкес оңалтту мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапхана залында семинар өтті.
Аталған шараны республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, ҚР ҰҚК Академиясының доценті, сарапшы-психолог Шакимова Лола жүргізді. Семинарға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінің психолог маманы Кульбаева Шынар қатысты.
Халықаралық дәрежедегі семинар-тренингтерді жүргізіп жүрген тәжірибелі маман Лола Шакимова семинар қатысушыларына қызмет бабында кездесетін түрлі жағдайға сараптама жасап, маман ретінде қызметкерлердің өзін-өзі ұстауы мен іс-қимылы жайлы толық түсіндірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!