Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ Ұйымның осы жылғы жоспары талқыланды», – деп жазылған ақпарат көзінде.

фото: Ақорда

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!