Астана қаласында 22 жастағы қыз өзінен 51 жас үлкен зейнеткердің (73 жастағы) үйінде күтушілік қызметті атқарған. Бірнеше ай қамқорлығын көрсетіп, зейнеткердің көңіліне жаққан қыз соңында қарт адамның жиған ақшасын үптеп кеткен. Бойжеткен зейнеткердің ұялы телефондағы мобильді қосымша арқылы коммуналдық төлемдерді төлеймін деген сылтаумен шотында жиналған 2,5 миллион теңгені жымқырған. Астана қаласы, Алматы ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын қолға алып, күдіктіні ізін суытпай құрықтап, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. JQ-Aqparat

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!