Фото: видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желіде Жетібай ауылында жер жарылғаны көрінетін видео тарады. Қарақия ауданының әкімдігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жердегі жарықшақ Жетібай ауылындағы «Асар» кен орнынан солтүстік бағытта орналасқан «ГУ-28» деп аталатын аумақта пайда болды.
Қарақия ауданының әкімдігі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-мен бұл жайттың себептерін анықтау және зерделеу үшін тиісті шарт жасасу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
«халық пен шаруа қожалықтары иелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қолдауымен жерді тегістеу үшін арнайы техника бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген аудан әкімдігі хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!