Меккеге барар жолда ірі жол-көлік оқиғасы орын алып 20 автобус жолаушысы қаза тапты. Ал 29 адам түрлі дене жарақаттарын алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап. 

Оқиға Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Асир провинциясында орын алды. Автобус Меккеге бет алған.

Алдын ала болжам бойынша, тежегіш жүйесі дұрыс жұмыс істемей автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, өртеніп кеткен. Зардап шеккендер оқиға орнына жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жолаушылардың көпшілігі ауыр күйік алып, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы полициясының мәліметі бойынша олардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін айтты. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!