Анасының айтуынша, ер адам оқушы қызға телефон сыйлап, онымен жыныстық қатынасқа түскен.

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында 13 жасар оқушыға түсік жасалған. Алайда, бұл туралы оқушының ата-анасы хабарсыз. Себебі оқиға мектеп-интернатта болған. Ал мектеп әкімшілігі оқушыны Қаратау қаласына апарып, түсікті жеке гинекологқа жасатқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, биыл мамыр айында полицияға 13 жасар қыздың анасы арызданған. Ол 55 жастағы ер адамның оның кәмелетке толмаған қызымен жыныстық қатынасқа түскені туралы айтқан. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 120-бөлімінің 4-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Айыпталушының зорлау жасағаны дәлелденді, оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қараша айында қылмыстық іс сотқа жолданды. Мектеп басшылығына қатысты ҚР ҚК 434-бабы, қылмыс туралы хабарламағаны үшін қылмыстық іс тіркелді. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан релизінде. 

Анасының айтуынша, ер адам оқушы қызға телефон сыйлап, онымен жыныстық қатынасқа түскен. Ақырында ол жүкті болып, қыз анасына шындықты айтып беруге бел буады. Бірақ ер адам, жоғары лауазымда таныстары барын айтып, қауіп төндірген. 

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтан ол аяқталғанша ештеңе айта алмаймын. Күдікті «Айгөлек» мемлекеттік балабақшасында күзетші болып жұмыс істеген, – деді Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ілияс Баймағамбетов. 

Мәтін мен фото дереккөзі: sn.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!