#есірткігеқарсы #противнаркотик

Сәлеметсіздер ме?! Менің есімім Аханаева Эльвира. Мен Мәншүк Мәметова атындағы жоғары педогогикалық колледжінде білім алудамын. Бүгінгі менің айтарым есірткіге тәуелділік болып отыр. Есірткіні бір қолданған адам одан шыға алмай қалатыны анық. Және оның өзінің денсаулығына зиян екенін де анық біледі. Бірақ неге соны біле тұра оны қолданады. Бүгін сіздерге осы жайлы айтып беретін боламын. Есірткі жайлы бүгін толық менімен танысасыздар деп үміттенемін. Бүгін менің айтқанымнан ой түйеді және осыған қарсы күресудің шешімін табуға ат салысады деген үміттемін. Қазіргі таңда есірткі пайдаланудың көбейіп бара жатқаны анық. Көбеймесе азайар емес. Бұл қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Ол адамды жалмап қана қоймай айналасындағысын да жалмайды. Адам оны мәселесін шешемін жеп проблемадан құтылудың оңай жолы деп бір екі сағаеттық ләззат үшін ғана пайдаланады. Бірақ ол өзіне ғана зиянын тигізсе жақсы ғой. Ол адам өз есінен айырылып жанындағы таныстарынан , достарынан ,туыстарынан айырылуда. Бақытты боламын деп өз өмірлерін құртып алып жатыр. Тіпті қазіргі таңда олардың көбісі жастар болуда. Олар өзі қолданып қоймай басқа жастарды осыған мәжбүрлеуде. Егер осылай жалғасып кете берсе еліміз не болмақ. Тіпті қаншама заңдар шығарылса да, тәртіп енгізіліп, полиция қызметкерлері жұмыс атқарса да ахайар емес. Бауыржан Момышұлы атам айтқан екен «Тәртіпке бағынған құл болмайды» -деп . Егер осы тәртіпке бағынғанымызда мемлекетіміз көркеюші елі. Есірткі пайдаланушылардың өмірі екі жолмен аяқталады. Не өлім не болмаса қараңғы қапаста күндерін өткізу. Есірткі жайлы қаншама кино , журналдар , газеттер , ғаламтор желілеріне шығуда. Бірақ, оны көріп ешкім сабақ алар емес. Сол үшін енді мен ің ойым есірткіден құтылудың бір ақ жолы бұл тәрбие тал бесіктен. Әр бір ата ана өз балаларын қадағаласа. Не істеп жүр немен айналысып жүр осыны қадағаласа. Және мектеп кезінен бастап есірткі жайлы ауқымды жиналыстар өткізілсе. Ал пайдаланған адамдарды қатаң түрде жазаға ұсынса, балаларын әрбір ата ана мейіріммен өсірсе, ата анамен баланың арасын жақсартатын шаралар өткізілсе деймін. Сонда ғана бұл есірткіден құтыламыз деп ойлаймын. Және қазіргі таңда валеология пәні өткізіліп жатыр . Осы пән көбейсе екен деймін. Ол пәнде барлық зиянды әдеттер тәртіпсіздікті оқушы кезден үйретеді. Нахарларыңызға рақмет! Мені түсінді деп ойлаймын. Есірткімен толық танысты деп ойлаймын. Енді бәріміз есірткіге қарсы күресейік.

Эльвира АХАНАЕВА,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!