Қызылорда облысы көлемінде білім беру ұйымдарының арасында онлайн форматта фестивальдар сайысы ұйымдастырылды.

Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған сайыстың негізгі  мақсаты – жастар,  балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруды дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру. Сайыскерлер ән, би, сурет арқылы нашақорлық проблемасын шебер көрсете білді. Олардың тақырыпқа байланысты ізденіспен жасаған жұмыстарын арнайы комиссия сарапқа салды.

Комиссия мүшелерінің шешімімен 24 сайыскер аймақтық жеңімпаз атанып, І орынды Қармақшы ауданы №277 мектеп-лицейі жеңіп алса,  ІІ орынды Жалағаш ауданы №201 мектеп – лицейі иеленді, ІІІ  орынды Қармақшы ауданы №275 мектеп-лицейі және Қазалы ауданы №94 орта мектебі өзара бөлісті. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Айгүл ӘЛІШЕРОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!