Кешеден бері әлеуметтік желіде жас қыздардың төбелескен видеосы тарап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Өскемендегі сауда орталықтарының біріндегі әжетханада болған. Оқиғаға қатысты ШҚО ПД мен Өскемен қалалық білім бөлімі пікір білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Оқиға бір айдан астам уақыт бұрын, яғни 1-2 наурыз күндері болған. Бұл факт ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша Өскемен қалалық Ертіс полиция бөлімшесінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Видеодан белгісіз қыз бала екінші қызды аяусыз ұрып жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, белгілі болғандай, қыздар кәмелет жасқа толмаған.
Қыздардың жеке басы анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Қазір кәмелетке толмаған қыздармен психолог маман жұмыс істеп жатыр, – деп атап өтті Өскемен қалалық білім бөлімі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!