Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі жедел бөлімі қызметкерлерінің жүргізген жедел жұмыстары нәтижесінде ҚР ҚҚ 192 бабы 3 бөлігі 4 тармағымен, 58 бабы 3 бөлігімен 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған 1992 жылы туылған Б. есімді азамат 2019 жылы бостандықта болған уақытында Қостанай қаласында бөтеннің көлігін мас күйінде рұқсатсыз айдап кету қылмысын жасағаны жөнінде өз еркімен мәлімдеме жасап, кінәсін толық мойындады.

«Жасаған қылмысымды мойындап, берілген жазаны толықтай өтеймін және жасағаным ісім үшін өкінемін,» – деді сотталушы Б.
Сотталған азаматқа мекеменің жедел уәкілі Д. Сайдильдинов тиісті хаттама толтырды.

Аталған қылмыстық оқиғаға байланысты жинақталған құжаттар процесуалдық шешім қабылдау үшін Қостанай полиция департаментіне жолданды.

Адина Жомартқызы

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!