Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы барлық православие сеніміндегілерді құттықтай отырып, бұл мерекенің ерекшелігін атап өтті. 

«Құрметті отандастар! Қазақстанның православие сеніміндегілерді Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл мереке сенушілердің жүрегін жылулық пен қуанышқа толтырсын! Барлық азаматтарға денсаулық, бақыт және шығармашылық табыстар тілеймін! Пасха ізгілік, бейбітшілік пен әділеттің салтанат құруын бейнелейді, адамдарды мейірімділік пен басқаларға қамқор болуға шақырады», – деп жазды президент.

Мемлекет басшысы елімізде заңның үстемдігі, азаматтарға тең мүмкіндіктер жасау, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау басты мақсат екенін алға тартты. Ұлттық бірлікті дәйекті түрде нығайта отырып, баға жетпес байлығымыз – этникалық мәдениеттер мен діни дәстүрлердің сан алуандығын сақтайтынымызды атап көрсетті. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!