Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалымен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндірме шараларын жүргізіп келеді.

«Болашақ» университеті, «Болашақ» жоғары колледжі және «Болашақ» медицина колледжі студенттерімен өткен кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлы, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мусаева Гүлшат Исақызы, Қызылорда станциясы Желілік полиция бөлімше бастығы  полиция полковнигі Мақсұтов Дәулет Амангелдіұлы, Қызылорда станциясы Желілік полиция бөлімінің тергеушісі полиция майоры Альсеитов Мурат Мырзабекович, «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Баймұрза қатысты.

Шара барысында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпарат көрсетілген жаднамалар таратылып, мәселенің өзектілігі түсіндірілді. Осы бағыттағы сұрақтармен жүгінген студенттерге құқықтық кеңес берді.

«Бүгінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ауықымды шаралар жүргізілуде. Жасырары жоқ, соңғы уақытта аталған бағыттағы қылмыс саны артып кеткен.Статистикаға сүйенер болсақ, елімізде әрбір үшінші отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық кездеседі. Әрбір жетінші әйелэкономикалық зорлық зомбылыққа, яғни, қаржылық қысымға ұшыраса, ал әрбір алтыншы әйел мен бала физикалық зорлық-зомбылыққа тап болады. Сондықтан да аталған бағыттағы қылмысты болдырмау, алдын алу үшін бүгінде қарқынды жұмыстар атқарылуда,» – деді Қызылорда станциясы Желілік полиция бөлімше бастығы  полиция полковнигі Дәулет Мақсұтов.

Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы іс-қимылдың құқықтық негіздері және мұндай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қаралатынын атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!