2-ақ миллион ба? 20 миллион деді мында.

Қызыл дипломы мен оқу орнының санын жіпке тізгендей айтқан танымал әнші Дана Кентай қалыңмалын 20 миллионға бағалады деп хабарлайды Stan.kz.

“Қалыңмалымды қанша миллион дейін? Консерватория бітірдім, магистратура оқыдым, қос-қос қызыл дипломым бар. Түсірген бейнебаяндарым мен әндерім бар. Апа, қалыңмалымды қанша дейін?” – деген әнші тыңдарман арасынан 2 миллион деген жауап естіді. Әншінің сөзінен 2 миллионды азсынғанын байқауға болады. 

“2-ақ миллион ба? 20 миллион деді мында. Қалыңмалым 20 миллион, триллион”, – деп әзілдеді әнші. Әңгімені қалжыңға айналдырған өнер иесі қалыңмалды керек етпейтінін айтты.

“Жақсы, қазақтың иманды жігіті болса болды, тегін бара беремін. Қалыңмал керек емес”, – дейді Дана Кентай. 

Өнер жұлдызының қарапайымдылығы көпшілікті сүйсінті.

“Жарайсың, Дана”, “Биылдан қалмай ұзатылуыңды, өзің сияқты қарапайым жігіт кезігуін тілеймін”, “Дана десем данасың ғой”, “Қарапайым жансыз”, “Бағың ашылсын”, – деп ақжарма тілектерін арнады желі қолданушылары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!