Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда әскерден жалтарушылар саны азайып келеді. Бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Азамат Досымов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Офицердің айтуынша, екі жылда әскерден жалтарушылар саны айтарлықтай қысқарған.

«Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бойынша: екі-үш жыл бұрын олар (әскерден жалтарушылар – еск.) шамамен 35-40 мың адам болды. 2023 жылғы әскерге шақыру қорытындысы бойынша – 20 мыңға жуық адам. Осы екі жыл ішінде бірнеше есе қысқарды», – деді Досымов ОКҚ брифингінде.

Ведомство бастығының орынбасары мәліметінше, бұл ретте басқа мемлекеттік органдармен ықпалдасу және әскерге шақыру қызметінің тартымдылығын арттыру көмектеседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!