Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінен Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен ҚК 24 бап 3 бөлігі, (Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады) 188 бап 3 бөлігі 2,3 тармақтарымен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – бірнеше рет; тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) 7 ай 6 күн мерзімге бас бостандығынан айырылған С. есімді жаза мерзімін толығымен өтеп, мекеме мамандарынан бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге әлеуметтік-психологиялық бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында қоғамда мінез дағдыларын қайта қалпына келтіру үшін психолог, заңгер және медицина қызметкерлерімен кездесіп, бостандыққа шыққаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат алды.

  • Жаза мерзімін өтеп, бостандыққа шыққалы жатқан азаматқа мекеме қызметкерлері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл азаматтың бостандықта өзін лайықты дәрежеде ұстауғына барынша жағдай жасау біздің міндетіміз, деді мекеменің тәрбие бөлімі бастығы әділет аға лейтенанты Мағжан Әбдімажитов.
  • Жастықпен жаза басып, мерзімімді толығымен өтеп, бүгін бостандыққа шыққалы отырмын. Темір тордың арғы жағындағы өмір кімді болса да күйзеліске түсіретіні анық. Осыған орай мекеме қызметкерлері қоғамнан тыс қалдырмай, бостандықтағы өмірге қайта дағдылау жұмыстарын жүргізгені үшін алғысымды білдіремін. Кеңес алу барысында өз құқықтарым мен міндеттерімді жақсы таныстым. Қақпа алдындағы туған-туыстарыммен кездесуге асықпын. Алдағы уақытта қателікке жол бермеуге тырысамын ,- дейді сотталған С. есімді азамат.
    Адина Жомартқызы
    Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!