Қазақстандық шахматшы өзіне қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде оның тұрғылықты тұратын жеріне қатысты сұрақтардың көп болатынын айтты.
«Менің неге Мәскеуде тұратыным жайында сұрақ көп. Мен Қазақстанның атынан жарысқа қатысамын, бірақ Мәскеуде тұрамын. Өйткені, менің жаттықтырушыларым Ресейден», – деді ол.
Асаубаева дәл қазір нақты қай жерде тұрақтайтынын білмейтінін айтты.
«Жоспарым көп. Бәлкім, бәрі оңынан болар. Қай елде тұратыным әлі белгісіз, әлем де қазір тұрақты емес. Ең бастысы, жақындарым қасымда болса болды», – деп атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!