2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финал матчі аяқталды, онда Аргентина мен Кабо-Верде құрамалары кездесті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Championat-қа сілтеме жасап.

Командалар Майамидегі (АҚШ) «Хард Рок» стадионында ойнады. Кездесуге канадалық Дрю Фишер бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетті. Аргентиналықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

29-минутта шабуылшы Лионель Месси қорғаушы Лисандро Мартинестің пасынан кейін Аргентина құрамасын алға шығарды. 59-минутта Кабо-Верде жартылай қорғаушысы Дерой Дуарте есепті теңестірді.

93-минутта Лисандро Мартинес бұрыштама добынан кейін Аргентинаны алға шығарды. 103-минутта Кабо-Верде қорғаушысы Сидни Лопеш Кабрал есепті қайтадан теңестірді. 111-минутта қорғаушы Кристиан Ромеро форвард Лионель Мессидің бұрыштамадан асырған добынан кейін баспен гол соқты.

Турнирдің келесі кезеңінде жарыстың қазіргі жеңімпаздары Мысырмен кездеседі.

Аргентина плей-оффқа J тобында бірінші орынмен шықты, ал Кабо-Верде құрамасы Н квартетінде екінші орын иеленіп, 1/16 финалға жолдама алды.

Бірнеше сағат бұрын Мысыр құрамасычемпионаттың 1/16 финал матчінде Аустралия командасын жеңді. Пенальти сериясындағы есеп – 2:4 мысырлықтардың пайдасына. Осылайша, олар 1/8 финалға шықты, онда Аргентина — Кабо-Верде жұбының жеңімпазымен кездеседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!