Фото: ІІМ
Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті. Осы жиында мүліктік қылмыстар азайып, ұрлық саны 16,4%-ға, ал мал ұрлығы 15,8%-ға төмендегені айтылды, – деп хабарлайды KAZINFORM. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
— Жүйелі профилактикалық жұмыстың нәтижесінде мүліктік қылмыстар да төмендеді. Ұрлықтар саны 16,4%-ға, мал ұрлығы 15,8%-ға қысқарды. Мал ұрлығына қарсы күрес басым бағыттардың бірі болып қала береді, өйткені ауыл тұрғындарының көпшілігі үшін мал басының сақталуы отбасының әл-ауқаты мен шаруашылығының тұрақтылығына тікелей әсер етеді, — делінген хабарламада.
Министр оң нәтижелерге қарамастан, бұл босаңсуға себеп емес, керісінше ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін одан әрі арттыруға ынталандыруы тиіс екенін атап өтті.
Алқа отырысында бірқатар аумақтық бөліністер мен қызметтердің жұмысындағы кемшіліктерге баға берілді. Басшыларға жұмыс нәтижелері үшін жеке жауапкершілік жүктеліп, анықталған олқылықтарды жедел жою және басқару тиімділігін арттыру тапсырылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!