Қазақстанда арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында техникалық ақаулар шығуына байланысты жүргізуші куәлігін беру мен автокөлікті тіркеу тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызметтер бүгінде қол жетімді емес.
“25 мамырда техникалық ақауларға байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсету тоқтатылған болатын. Оларды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Мемлекеттік қызметтерді қалпына келтіру ақпарат туралы қосымша хабарланады. Бүгін де бұл қызметткр қол жетімсіз”, – деп ІІМ әкімшілік полиция комитеті қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!