Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық экономика бюросы Қазақстандағы орташа айлық жалақының ағымдағы мәліметтерін ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бюро мәліметінше, Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың жалпы саны – 3 975 641 адам.

Биыл жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 382 279 теңгені құрады.

Ол есептелген еңбекақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады, – делінген түсініктемеде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!