Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Соңғы бір жылда қазақстандықтардың сыртта тамақтануға жұмсайтын шығыны 48,7 пайызға артқан. Мұндай қатты өсім соңғы бірнеше жылда алғаш рет тіркелді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Қазақстанда жоғары инфляция әлі де сақталуда. Бұл жағдай азаматтардың шығындарына тікелей әсер етеді, ол айтарлықтай өсті. Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар шығынының жартысынан көбі азық-түлік тауарларына тиесілі екені белгілі болған.

Бір қызығы, азық-түлікке ғана емес, жалпы сыртта тамақтануға, яғни асханалар, дәмханалар, мейрамханалар және басқа да қоғамдық тамақтандыру орындарына жұмсалатын қаржы да артып келеді. Finprom порталының мәліметінше, 2023 жылы бұл бір отбасыға жұмсалатын жылдық сома 75 мың теңге болды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 48,7 пайызға көп.

Қазақстандықтардың сыртта тамақтану шығындары
Қазақстандықтардың сыртта тамақтану шығындары. Инфографика: finprom.kz

Аймақ бойынша шығындар айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, Абай ауданында бір отбасына орташа есеппен жылына 38,6 мың теңге болса, Маңғыстау облысында 5 есеге артық – 202,7 мың теңге. Астанада бір отбасына жылына 145,3 мың теңге, Алматыда 91 мың теңге, ал Шымкентте небәрі 36,3 мың теңге жұмсалады.

Қазақстандықтардың сыртта тамақтану шығындары
Қазақстандықтардың сыртта тамақтану шығындары. Инфографика: finprom.kz

Қазақстандықтардың сыртта тамақтану шығындары. Инфографика: finprom.kz Тамақтанудың үлкен шығындарының себептерінің бірі – бағаның өсуі. Жалпы, Қазақстандағы қоғамдық тамақтану орындары әлемдік стандарттар бойынша өте арзан деп айтуға болмайды. Мысалы, арзан мейрамханада тамақтану бағасы бойынша елдер рейтингінде (барлығы 97 ел қатысқан) Қазақстан 42-орында тұр. Келушілерге орташа кешкі асқа шамамен 9,1 доллар төлейді.

Салыстыру үшін: Ресей бұл рейтингте 55-орында, кешкі ас құны 7,6 доллар, ал Өзбекстан 72-орында болды, мұнда бар болғаны 5 долларға қымбат емес мейрамханада тамақтануға болады.

Ал қымбат емес мейрамханада кешкі ас үшін ең көп ақша жұмсалатын ел – Швейцария. Мұнда ол 27,6 доллар. Одан кейінгі орында Дания – 21,7 доллар, ал АҚШ алғашқы үштікті жапты – 20 доллар. Ең арзан кешкі ас Бангладеште – 1,7 доллар.

Дегенмен, егер толыққанды түскі ас туралы айтатын болсақ, онда бағалар айтарлықтай өседі. Мысалы, Қазақстандағы орташа деңгейдегі мейрамханада екі адамға арналған үш тағамнан тұратын түскі астың құны шамамен 34,1 долларды құрайды. Бұл бағамен еліміз рейтингте 60-орынға тұрақтады. Ресейде мұндай түскі ас сәл арзанырақ болады – 32,5 доллар, ал Өзбекстанда небәрі 22,3 доллар.

Қазақстандықтардың сыртта тамақтану шығындары
Қазақстандықтардың сыртта тамақтану шығындары. Инфографика: finprom.kz

Айта кетерлігі, Қазақстан тек қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне ғана емес, басқа салаларда да жоғары бағамен ерекшеленеді. Мәселен, бұған дейін елімізде такси қызметінің бағасы ТМД елдерінде ең жоғары екені белгілі болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!