Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов хабарлады.

Құдайбергеновтің айтуынша, үкімет шетел компанияларын елге көшіру жөніндегі жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тізімде 30-дан астам елдің 400-ге тарта компаниясы бар.

«Құны 1,5 млрд доллардан асатын 41 компания бойынша нақты нәтиже бар: InDriver, TikTok және басқалар. Қазір 37 компания бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Олардың қандай компаниялар екенін әзірге айта алмаймыз»,– деді вице-министр.

Дамир СЕИЛХАНОВ

Коллажды жасаған автор

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!