61 жобаны іске асырамыз деп халықаралық банктерден қарыз алған «ҚазСушар» мекемесінің әрекетін жоғарғы аудиторлық палата сынға алды. Аудит жүргізіліп, мекеме су құбырын жүргізудің орнына қаржыны аз талап ететін саябақ сала салғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

фото: Stan.kz 

«Аудит жүргізу барысында «ҚазСушар» тек 18 жобаның есебін тапсырғаны анықталды. Ал негізінде Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Ислам даму банкінен алынған қарызы шеңберінде 317 млн доллар сомасында 61 жобаға ақша бөлінген. Бұл 2017 жылдан бастап алынған қарыздың есебі. Қалған жобалардың есебін күтеміз”, – дейді жоғары аудиторлық палата төрайымы Наталья Годунова.

Шетел банктерінен алынған 317 млн доллардың есебін талап еткен Годунованың сұрағына Су ресурстары және иррегация министрі тосылып қалды. Бүгінде бас-аяғы 61 жобаның тек 18-і толық біткен. Аудит палатасы әр келген сайын басшының өзгеріп кетуіне байланысты жауаптыны таппай отырмыз дейді. Өз кезегінде Нұржан Нұржігітов «Казсушар» шотында белгісіз себептермен жатқан алты жарым млрд теңгенің неге игерілмей қалғанын анықтауға сөз берді. Дегенмен «алмақтың да салмағы бар» деген министр жоба жүзеге аспаса да, қарызды біртіндеп қайтара бастадық дейді.

«Қазсушар» мекемесі тарапынан 2018 жылдан бастап екі халықаралық банк арқылы несие алынып, құрылыс жүргізілуде. 61 жоба бойынша. Бүгінге күнге дейін «Еуропа даму» банкіне «Қазсушар» тарапынан алынған қарызы қайтарылып төленіп жатыр. «Ислам банкіне» төлеу жұмысын біз бастаған жоқпыз”, – дейді су ресурстары және интеграция министрі Нұржан Нұржігітов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!