Қостанайда 16 жастағы жасөспірім үстіне футбол қақпасы құлап ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жасөспірім ішкі қан кетумен ауруханаға түсті.

«Ота кезінде ұлтабардың жыртылуы анықталды. Операциядан кейін науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Жағдайы ауыр», – дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Игорь Белобржицкий.

Оқиға орын алған жеке сектордың тұрғындары бұл қақпалардың көптен бері тербеліп тұрғанын айтты.

Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Мирас Омаров бұл футбол алаңы 2020 жылы орнатылғанын айтты.

«Мұндай учаскелер тағы бірнеше ауданда бар. Қалада қақпалар жылжымалы болғандықтан барлық жерде бекітілмеген. Өздігінен құлап кетуі мүмкін емес. Шамасы, шайқаған болуы керек. Қалай болғанда да, оның себебін полицейлер тексеретін болады», – деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Мирас Омаров.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!