Қытайдың бес азаматына Қазақстаннан Ресейге кіруге тыйым салынды. Осыған орай Қытай өкілдері шекарашылардың әрекетін тергеуді сұрап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қытайдың бес азаматы Ресейге Астрахань облысының Қараөзек өткізу бекеті арқылы өтпек болған. Алайда туристерге кіруге рұқсат берілмепті. Оларды сол тұста визасының күшін жойып жіберген. Туристердің бірінен төрт сағат бойы бекетте жауап алынған айтады.

Қытай елшілігі болған оқиғаға алаңдап, мұндай жайттар екі елдің достық қарым-қатынасына әсер ететінін айтты.

Қытай өкілдері Ресей тарапынан шекарашылардың әрекетін тергеуді сұрап отыр. Олар не себепті туристердің Ресейге кіре алмағанын білгісі келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!