Сурет ашық дереккөзден
Бүгін кешкі сағат 19:00 шамасында облыс орталығындағы «Айтбек» сауда үйінің жанында өрт шыққаны жөнінде 101 пультіне хабарлама түсті.
Шақырту бойынша Өрт сөндіру қызметінен күштер мен құралдар дер кезінде жұмылдырылып, алғашқы жеткен өрт сөндіру бөлімінің барлау жұмыстары нәтижесінде “Отырар” және “Сұлтан” сауда орталықтарының ортасында орналасқан қоқыс өртеніп салдарынан жапсарлас орналасқан 3 бутик зақымдалып жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрі біріккен іс-қимылының нәтижесінде Өрт 19 сағат 23-те оқшауланып, 19 сағат 29-да жойылды. Жақын орналасқан ірі сауда орталықтарына таралуына жол берілмеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт сөндіру қызметінен жалпы 30 қызметкер және 6 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!