Өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «9 желтоқсан –Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай салтанатты іс-шара өтті.

Форум Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков, Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Е.Бәкіров, құқық қорғау органдары мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, комплаенс-офицерлер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер және Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Іс-шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ағарту шаралары, осыған азаматтық қоғамды кеңінен тарту, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін жағдай жасау, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» принципін қоғам санасына жаппай енгізу, барлық мемлекеттік органдар алдында қойылатын талап. Бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастырудағы шешуші рөлді жергілікті атқарушы органдар, қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары және белсенді азаматтар атқарады»,- деп атап өтті А.Ашиков өз баяндамасында.

Сонымен қатар,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысында белсенділік танытқан және айтарлықтай үлес қосқан қосқан бірқатар жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, волонтёрлер, БАҚ өкілдері, сондай-ақ комплаенс-офицерлерге Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының алғыс хат табысталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!